16.03.2023
  354


Автор: Әсерлі әңгімелер

Өгей анам салған із - 5 бөлім

Екеуі таңнан кешке дейін төрт қабырғаның ішінен шықпайды. Гүлмира асыранды қызын сыртқа алып шығудан үнемі қашқақтап жүреді.
Шырайлым тынымсыздығынан төрт-бес жасқа жеткенше талай отқа күйіп, суға батты. Бес жасқа толса да тілінде кемістік бар. Тым тұйық болып, үнемі екі қолымен құлағын жауып отыратын әдет шығарды. Ал Мақсаттың ештеңе мен шаруасы жоқ. Тек ақша тауып, әйелі мен қызын керек-жарағы мен қамтамасыз етіп жүргеніне шүкір етіп күні өтуде. Жұмыстан шаршап сілесі қатып келеді.Әкесін көрген бойда алдынан жүгіре шығып мойнына асылып қатты құшақтаған қызына көңіл бөлетін әке жоқ. Керісінше үнемі кеудесінен итеріп жібереді. Міне тағы да бүгін Мақсат кірген бойда Шырайлым алдынан жүгіре шығып мойнына асылды. Қатты құшақтағаны сонша тіпті әкесін тұншықтыра жаздады.
- Қызым, сенің мұның не?
- Шырайлым, кел қызым, маған келе ғой. Әкең жұмыстан шаршап келді. Кәне маған келші. Сені өзім көтеремін.
- Әке....
- Шырайлым қызым қырсықпа.
Гүлмира өгей қызын әкесінінен күшпен әрең ажыратып алды. Балалар бөлмесіне апарып біраз уақыт ойнатым, жуынып-шайынып болған күйеуіне ас-ауқатын берді.
Күндер осылай өте берді. Әке мен қызының арасы тым суық. Гүлмира екеуінің бірге уақыт өткізуіне үнемі кедергі келтіріп түрлі сылтау іздеп табатынды шығарды. Шырайлым жеті жасқа толып мектепке бара бастады. Үнемі Гүлмира оны ертіп жүретін. Оң мен солын ажыратып есін білген қыз өзінің туғае анасы санап айтқанын екі етпей орындап жүрген әйелдің өгей анасы екенін білді. Бірге оқитын сыныптастары мазақ етіп « Сен тастандысың. Сені анаң тастап кеткен» демегенде тіпті білмей жүре беруші ме еді. Сол күні қыз байғұстың жүрегіне қандай салмақ түскенін кім білсін.
Сол күні оны мектептен алып кетуге Гүлмира келген болатын. Бірақ оны мектептен таба алмады. Мұғалімі оның әлдеқашан кетіп қалғанын айтты. Гүлмира есі шыға жаздап бүкіл жерден іздей бастады. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу