16.03.2023
  198


Автор: Әсерлі әңгімелер

Өгей анам салған із - 8 бөлім

Шырайлым осы күнге дейін басынан кешкен азаптардың есінде қалғанын ғана айтып берді.
Мақсат қызын құшақтап өкіріп жылап алды. Өзінің нәпсісі құмарлығының кесірінен қызының жапа шеккеніне төзе алмады. Өткен өмірі көз алдынан таспа секілді тізіліп өте берді. Айнұр екеуі үй алу үшін күндіз-түні жұмыс істеп жүрген кез. Тіпті еккуі бірін-бірі көрмейтін күндер де болатын. Өз баспаналарында бақытты болуды армандаушы еді. Алайда Мақсат өз нәпсісін тежей алмады. Жаңа үйленген жас жігіт әйелімен бірнеше күн бір төсекте жатпағандықтан құмары қысып жөзекшелерге баруды әдетке айналдырады. Әрине мұны әйелінен жасыру үшін барын салып жүрді. Құрсағындағы жүктілігі соңғы айына жетсе де Айнұр жұмыс басты болып емханаға еш уақытында бармайтын. Еш бір сараптаманы дұрыс тапсырған емес. Сәбиі шатына тығылып жүргенде « Ертең Перзентханаға кіргізбей қояды» деп медбикелер Мақсат екеуін күштеп жүріп ВИЧ ке сараптама тапсыртады. Араға бір-екі күн салып Айнұр қызы Шырайлымды босанып бақыттан бал-бұл жайнап жүрді. Қырқынан шыққан соң қызын тексертуге емханаға барғанда Мақсаттың сараптамасы ВИЧ тың он нәтиже көрсеткенін және де бұл ауру қызы мен өзіне де жұққан болуы мүмкін екенін ескертіп қайта сараптамадан өтуін сұрайды. Міне сол сәтте шындықтың беті ашылып, Мақсат өз аузымен жөзекшелерге баратынын мойындап әйелінен кешірім сұрайды.
Алайда Айнұр күйеуін кешіре алмай, маған ауру күйеу мен қыздың қажеті жоқ деп екеуінен де бас тартып кетіп қалады. Өйткені медбикелер түймедейді түйедей етіп медицинадан еш хабары жоқ жас ананы әбден шошытқан болатын. Өмір бойы ауру адамға қараймын деп қорықса керек Айнұр бірден қаша қалды. Кейінен сараптама нәтижесі Шырайлымда еш бір ВИЧ тың жоқ екенін көрсетті. Бірақ Айнұр күйеуінің опасыздығын кешіре алмады. Мақсат Гүлмираны әйел етіп алған жоқ. Әу баста екеуінің арасында келісім болды. Оның міндеті тек Шырайлымға қарау ғана болатын. Гүлмираның кіп-кішкентай қызға неге мұншама қатігездік көрсеткенін ол еш түсіне алмады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу