16.03.2023
  338


Автор: Әсерлі әңгімелер

Анамның тағдырын қайталадым - 9 бөлім

Үйге бардым. Тіп-тіке жүретін менің басым салбырап келдім. Анам мен сіңілім түрімен қарап шошып кетті. Не болғанын түсіндіріп айтқаным да олар қатты таң қалды. Себебі оларға бұл жайлы мүлдем айтпағанмын. Өте бақыттымын деп, алдап қоя салатын едім. Бірақ анам келген себебімді білсе де, қайт деді.
Оған таң қалған мен:
-- мама, неге олай дейсіз? Көріп біліп тұрсыз ғой, ол мені өзі қуды
-- мүмкін біреумен ұрысып ашуын сенен алған шығар. Олай босқа нәрсеге даурыға берме. Бұлай болмайды. Ел жұрт естісе не дейді? Ұят болады қызым.
-- мам, бірақ ол хабарласпады да ғой... Мен не істей аламын? Үйіндегі 70 Тен асқан шешесін қараймын-ау, бірақ күйеуім үйде жоқ болса мен істеймін. Жынды болайын деп қаламын, әр нәрсені бір ойлап жынданамын мам...
-- қызым қой болды. Мені іздемеді деп, кінәні одан іздей берме, жұмыстан шаршап келгенде бірден зекіпсің. Оның дұрыс емес. Демалып болған соң таңертең сөйлессең де үлгеретін едің. Бар енді. Бара ғой қызым...

Анамның айтқанын жерге тастамай қайтатын сол үйге бардым. Күйеуім үйде екен. Кірдім де кешірімді өзім сұрадым. Бірақ үндемеді. Мүмкін маған ашулы шығар деп жүре бердім. Қайта қайта бетіне қараймын. Бірақ менен жүзін ала қашады. Барған күні ертесіне тағы кетіп қалды. Мен бірақ бұл жолы бәріне шыдадым. Анамның айтқандары есіме түсіп, кетуге шыдамым жетпеді. Кәрі шешесіне қарасам, қаусыраған дұрыстап сөйлей де алмайды. Маған дұрыс тіл де қатпайды. Ал қайын сіңілім болса басқа қалада оқуда. Үйге көп келмейді. Кәрі енемнің шәй тамағын беріп, күнім есік пен телефонға телмірумен өтті. Жұрт болса мені өсектеп әлек. "Бедеу екен ғой", "мүмкін бермей жүрген шығар" деп, мені кінәләумен әлек. Ешкім еркектен кінә іздемейді. Барлық кінә әйелден..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу