16.03.2023
  318


Автор: Әсерлі әңгімелер

Анамның тағдырын қайталадым - 7 бөлім

Жұмыстан шыққан соң, тағы да келіп, саябақтарға қыдырдық. Кешкі асымызды іштік. Екеуміз осылай күнде кездесіп жүрдік. Оған деген сезімім күшейе түсуде. Тіпті оны көрмесем тұра алмайтындай болдым.

Бір күндері ол Ташкентке кетпекші болды. Өзі балмұздақ пен айналысады екен. Ташкенттен балмұздақтың заттарын алуы керек көрінеді. Солай 10 шақты күнге барып қайтамын деді. Қимай, қимай әрең қоштастым. Поездге шығарып салып, өзім вокзалда біраз ойланып тұрып қалыппын. Кенет телефонның дыбысынан ес жидым. Анам хабарласып жатты:
-- алло, анашым?
-- қызым тез үйге жетші өтінемін
-- мам, бәрі жақсы ма, не болды?
-- жақсы емес қызым, әкеңнен айырылып қалдық. Тезірек үйге жет, әкең қайтыс болды.

Телефонды қояр қоймас, таксиге міндім де үйге қарай асықтым. Келгенше екі көзімнен тоқтамастан жастар парлап жатыр. Мұндай боларын кім білген. Бір демде неге бұлай бола салды. Әкесіз өмірді қалай сүрмекпіз?

Үйге де жеттім. Біраз туыстарымыз жүр екен. Бір бөлмелі үймізде тола адам. Ине шаншыр орын жоқ. Анам мені сыртқа шығарып:
-- Назима, өз өзіңді ұста жарайма? Көрісетін орынға барып отыр.
-- мам не болды өзі? Әкем қалайша?
-- жүрегі бірден тоқтап қалды. Дәрігерлер алып кетті. Тексереміз деп, жанына өзінің бауырлары кетті. Назира ана жақта отыр. Сенде жанына бар. Оған да қиын. Бір біріне тіреу болыңдар. Мен ас үйде боламын.

Анам кетіп қалды. Мен болсам келген адамдар мен көрісіп отырмын. Қанша шыдайын десем де, көзімнен жасым тоқтамай жатыр. Бұлай боларын кім білген.

Арада біраз уақыт өтті. Әкемді қара жердің қойнауына тапсырдық. Белгілеп қойған тойдың уақытын өзгерттік. Әкемнің қырқын өткізуге дайындалдық.

Жалғасы бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу