16.03.2023
  313


Автор: Әсерлі әңгімелер

Анамның тағдырын қайталадым - 6 бөлім

Әкем келіспейтін шығар десем, ол кісі неге қарсылық танытпады екен. Соны түсінбей отырмын. Маған тұрмысқа әзір шықпа деп жатқаны қайда? Танысы дейін десем, енді ғана танысып білісіп отыр. Әйтеуір ойланып әлек болып отырғанымда артымша әлгі жігіт шықты. Келді де жаныма отырды. Бірден әңгіме бастап кетті:
-- Екеуміз тіпті таныспаппыз да... Менің есімім Асқар. Сенің есімің Назима. Оны білем жаңа айтты. Қай жылғысың? Оны сұрамаппын ғой.
-- ...
-- Жақсы, менімен сөйлескің келмей тұрған секілді.Өтінем,жақынырақ танысып біраз әңгімелесейік. Жұмыс жасап жүр екенсің. Ертең екеуміз үйленсек те жұмыс жасайсың ба?
-- ...
-- Солай де?, Жарайды. Өзің ұзақ ашушаңдықтан кейін үнсіздікті ұнатады екенсің. Ендеше былай жасайық. Егер ертең екеуіміз үйленіп жатсақ. Сен жұмыс жасамайсың. Үйде отырасың!
-- Жоқ! Неге үйде отыруым керек. Үйде отырмаймын. Жұмыс жасаймын.
-- Жә, жә мақұл жасайсың. Тек сені сөйлеткім келген, оның бұл сөзіне шыдамай күліп жібердім. Солай екеуміз сөйлесіп кеттік. Өзі тым ақылды, сүйкімді әрі әзілқой жігіт. Маған расында ұнап қалды. Адамды сөйлете біледі. Еркектік мінезі бар, батыл әрі ержүрек. Екеуміз біраз сөйлесіп болған соң әке-шегеміздің жанына бардық. Осылай олар өз үйлеріне қайтты.

Үйге кірген соң, бірден әкеме бардым:
-- Әке, дұрыс шешім қабылдадыңыз ба? Маған біраз жұмыс жасайсың, дегеніңіз қайда?
-- Қызым-ау осы қалада тұрады екен ғой, жұмысқа жібереміз, бара береді деп жатыр. Жақсы кісілер көрдің ғой өзіңде, неге сонша ашуланасың?
-- Жәй, неге сізді жәй ғана рұқсат берді деп жатқаным ғой.
-- Жәй қойшы қызым, шәй тамағыңды іш те ертерек демал. Шаршаған шығарсың.
-- Иә, жақсы...

Таңертеңгісін жұмысқа бара жаттым. Жолда Асқар жолықты. Мені жұмысқа апарып тастады. Өзімен бірге түрлі тәттілер алып келіпті. Онысына риза болдым. Егер ол мені бұлай еркелете берсе мен басына шығып аламын ғой деймін ойланып.
Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу