16.03.2023
  294


Автор: Әсерлі әңгімелер

Анамның тағдырын қайталадым - 5 бөлім

Назираның айтуы бойынша олар маған құда түсіп келген, осы қаланың адамдары. Бар жағдайымды жасайтын көрінеді. Бірақ жігіт жұмыстан шыға алмай жатыр екен. Кешігіп келеді деп жатыр. Мән жайдың басын біліп алдық. Енді әкем нендей шешім қабылдар екен. Менің қазір тұрмыс құратын ойым жоқ. Мен жұмыс жасап, өз өзіме көңіл бөлуім керек. Ата -анамды және өзімізге жақсы пәтер алу үшін ақша жинауым керек.

Көп ұзамай есік қоңырауы басылды. Есікті анам ашты. Күйеу жігіт келген көрінеді. Келіп, амандасып білісіп жатыр. Бірақ неге екені белгісіз, дауысы тым таныс. Бір жерден естіген сияқтымын. Есіктен сығалап тұрғанымда, "Назима, бері кел" деген дауысты естіп шошып кеттім. Жайлап шықтым да ас бөлмесіне қарай бара жаттым. Сөйтсем сол, иә, дәл сол жолда мені апарып салайын деп жатқан жігіт. Дәл өзі. Қарап тұрып жыным келді. Ашуым шығып тұрғаны сонша, айқайлап бердім.
-- Сен бе сонда? Өзің кешігіп келе жатсаң да жол да басқа қыздарға қырындап келе жаттың. Ондай адаммен қалай отау құрмақпын.

Әкем "ашуыңды бас қызым" деп жатты. Одан сайын ашуланып кеттім. Тіпті қаным басыма шауып жатқандай. Тіпті тоқтай алар емеспін. Бір уақытта әлгі күйеу бала сымақ:
-- Неге сонша ашуланасың? Егер сол кезде көлікке отырғанында екеуміз қазір бірге келер едік. Мен сені таныдым. Таныған соң тоқтадым. Болашақ жарым мен бірге болашақ ата енемізге бірге кірейік деген ниет болды. Ал сен асыра сілтеп жібердің.

Шынымды айтсам абдырап қалдым. Ата-анамызда түсініп, бір күліп алды. Ұялғанымнан сыртқа шығып кеттім. Қатты ыңғайсызданып қалдым. Дұрыс ойламаппын. Ашу дұшпан ақыл дос деген осы шығар.
Жалғасын айту каналымнан оқи аласыз. Қосылу үшін сториске сілтеме салдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу