16.03.2023
  733


Автор: Әсерлі әңгімелер

Анамның тағдырын қайталадым - 1 бөлім

Анам менің әкеме үйленбей тұрып тұрмыста болған. Күйеуі басқа әйел алып алған сол себепті анам шыдамай кетіп қалған екен. Иә, әңгіменің басын осымен бастадым. Қызық болса соңына дейін оқыңыз. Қазір жасым жиырма бірде. Иә, жиырма бірде болсам да тұрмысқа шығып тіпті ажырасып үлгердім. Оның барлығын жәймендеп түсіндіремін.

Анамның бұрынғы күйеуінен бір ұлы бар. Ол ағам қазір үйленген, үй жайы бөлек. Бұрынғы күйеуі анамды елемей басқа әйел алған соң, анам нағашы ата әжемнің үйіне барып тұрған. Шамамен екі жылдай. Ол кезде ағам Ерман бес жаста болған екен. Біраз уақыттан соң нағашы әпкем анамды бір жігітпен таныстырады. Бірақ анам оны ұнатпаған көрінеді. Себебі, ол өзінен он үш жас үлкен, әрі құлағы естімейді. Қанша қарсылық танытса да нағашы әпкем анамды көндіріп, ақыры сол кісіге тұрмысқа шығуға мәжбүр қылады. Ол заманда ажырасып келу деген тозақпен бірдей. Намыс, ар,ұят деген мықты ұсталған.

Ақыры анам көніп, болашақ күйеуімен жолығуға барады. Кездесуде ол күйеуінің құлағы дұрыс естімейді. Барлық нәрсені айқайлап айтуға тура келеді. Алатын зейнет ақысы бар. Құлағында арнайы құрылғысы да бар екен. Күйеуінің үш қыз бір ұлы бар. Олар анасымен бірге бөлек тұрады. Алимент төлемейді екен. Анам Ерман ағам туралы айтқанда оның өзімен бірге алып келуге түбегейлі қарсы болған көрінеді. Сол сәттен бастап Ерман ағам нағашы атам мен апамның жанында болған. Тіпті нағашы атамның атына жазылған. Аты жөні Жұманов Ерман Жұманұлы.

Көп ұзамай анамды үйден алып кетіп, шағын салтын жасап, өз үйіне қондырды. Одан соң анам жаңа ата - енесімен көп уақыт тұрмай бірден қалаға бөлек шығып кетті. Біраз уақыт пәтер жалдап сандалып жүріп, жатақханадан бір бөлмені ақшалары көтергенде сатып алады. Дәл сол уақытта маған аяғы ауыр болған екен.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу