15.03.2023
  339


Автор: 365 күн

25 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1891 жылы Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже қабылданды. Оған 1891 жылы 25 наурызда Ресей императоры Александр III қол қойған. Ережеге сәйкес Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығымен қатар тағы бір әкімшілік бөлік — Дала генерал-губернаторлығы құрылып, орталығы — Омбы қаласы болды;

1930 жылы қазіргі Балқаш ауданына қарасты Бақалы жерінде Бәрібаев шаруалар көтерілісі болды. Кеңес өкіметінің ұжымдастыру, жаппай қуғын-сүргін саясаты мен ашаршылық қаупіне шыдамаған жергілікті шаруалар ұйымдасып, қарсылық танытты;

1990 жылы  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаттарының алғашқы демократиялық сайлауы өтті;

1993 жылы Қазақстан Республикасы Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің мүшелігіне қабылданды;

2014 жылы Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме жасады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу