15.03.2023
  81


Автор: 365 күн

25 наурызда әлемде қандай қызық оқиғалар болды

Бүгін - Халықаралық құлдықтан азат ету үшін күресте қаза болғандарды, іс-түзсіз жоғалғандарды құрметпен еске алу күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылдың қарашасында бекіткен. Ал 25 наурыз күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1985 жылы осы күні БҰҰ қызметкері, журналист Алек Коллетты ұрлап кеткен болатын. Мейрамның басты мақсаты – гуманитарлық мақсатта қызмет атқаратын адамдардың жиі шабуылға ұшырайтынына ел назарын аудару.

1981 жылы 25 наурызда Грекия Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл күні олар Тәуелсіздік мерекесін тойлайды. 1975 жылдың 11  маусымында қабылданған ел Конституциясы бойынша, Грекия -  президент басқаратын парламенттік республика. Қазақстан Республикасы мен Грекия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 1 қазанында орнатылды.

Бүгін Ресейде мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл күні осы салада талмай еңбек етіп, аямай тер төккен адамдардың жұмысы бағаланып, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Сондай-ақ, бүгін - Халықаралық вафли күні. Бұл мерекені тойлауды швециялықтар ойлап тапқан. Қыс бітіп, көктем келгенде шведтер жер өңдеуге кірісетін. Осы кезде үйде тәттінің бір түрі – вафли пісіріліп, егістік алқап басындағы жұмысшыларға таратылған. Вафли әлемнің көп елінде сүйіп жейтін, кеңінен тараған тәтті түрі. Қазақстанда да вафлидің бірнеше түрі өндіріледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу