15.03.2023
  71


Автор: 365 күн

23 наурызда әлемде туған танымал тұлғалар

1926 жылы кеңестік және ресейлік киноактер, кәсіпкер, Грузин КСР халық әртісі (1966) Арчил Гомиашвили туды (фильмдері: "12 стульев", "Сталинград");

1931 жылы кеңестік шахматшы, гроссмейстер (1956), ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап әлем чемпионы атағына үміткер, 1978 және 1981 жылдары шахматтан әлем біріншілігі матчтарына қатысқан Виктор Корчной дүниеге келді. КСРО-ның төрт дүркін чемпионы (1960, 1962, 1964, 1970), Ленинградтың үш дүркін чемпионы (1955, 1957, 1964).

1937 жылы америкалық кино және телевидение актері, боксшы Тони Бертон өмірге келді. "Рокки" сериясындағы алты фильмге түскен үш актердің бірі (Сильвестр Сталлоне және Берт Янгпен қатар).

1977 жылы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, жұппен сырғанауда Олимпиада чемпионы (2006) Максим Маринин туды. Әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, 2005), Еуропаның бес дүркін чемпионы (2002-2006). РФ еңбек сіңірген спорт шебері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу