15.03.2023
  387


Автор: 365 күн

23 наурызда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін – Бүкіләлемдік метеоролог күні. Бұл дата 1950 жылдан бері 23 наурызда аталып өтеді. Мерекені БҰҰ қолдауымен Бүкіләлемдік метерология ұйымы бекітті. Халықаралық мерекенің әлемдегі маңызы өте зор. Метеорология күні әр ұжым салтанатты жиындар өткізіп, осы саладағы ардагерлермен кездесулер ұйымдастырады. Бұл салтанатты кәсіпорындарға қызмет көрсететін тәжірибелі мамандар, сондай-ақ болашақта метеорологияның дамуына үлес қосатын оқу орындарының суденттері өткізеді. Бүкіләлемдік метеоролог күні күрделі де қызық мамандықты таңдаған жандарға ризашылық ретінде пайда болды.

Сондай-ақ, бүгін – "Окей" (O.K. ) сөзінің туған күні. Алғаш рет бұл сөз 1839 жылдың 23 наурызында пайда болған деседі. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бостондық "Morning Post" газетінде бұл сөз қате жазылған "all korrect" тіркесінің қысқартылған нұсқасы екені айтылған. Алайда нью-йорктік демократтар өзге пікірді ұстанады. Олардың пайымынша, ОК сөзі демократтар құрған клубтың The Democratic OK Club (ОК – Old Kinderhook, АҚШ-тың сол кездегі президенті Мартин ван Бюреннің туған жері) атауынан туындаған.

Бұған қоса, бүгін поляк-венгр достығы күні аталып өтеді. Мереке 2007 жылы пайда болды, Польша мен Венгрияда тойланады. Поляк және венгр халықтары арасында қалыптасқан тарихи достық құрметіне бекітілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу