👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  15.03.2023
  266


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Қоштастық...

Жастық шақпен жалғыз ғана жүрген ем,


Шын ғашықтық дегендерге сенбеп ем,


Өзің келіп өзгерттің ау барлығын.


Жүрегіме нұрын төгіп өткен ең.


 


Махаббаттың күшіне біз мас болып,


Талай жылдар бірге жүріп күн көріп.


Аяқ асты "Дос" болайық деген ең,


Жүрегіме сызат салды өшпеген.


 


Айналдықпа жәй ғана бір адамға,


Ұқсадықпа жыр мен ұзын дастанға.


Қосыла алмай тағдыр бізді айырған,


Қосылмаған ай мен күндей болдықпа.


 


Жылдар өтті өлеңімді арнадым,


Кездер өтті басқа қыздар қарады.


Бірақ маған еш керегі болмады,


Тек сен үшін менің жүрегім соғады.


 


Кім біледі қосылармыз қайтадан,


Бәлкім енді жолымызда қайтпаған.


Өлеңдерді барын саған арнадым,


Қош бол деуге тілім келмей қайтадан.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы