14.03.2023
  86


Автор: 365 күн

21 наурызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Дүниежүзілік поэзия күні. ЮНЕСКО құжатында айтылғандай, мерекені атап өтудің басты мақсаты – халық арасында өлең жолдары арқылы тілдесуді насихаттау, сонымен қатар жоғалып бара жатқан ұлттық тілдердің қолданыс аясын кеңейту. Поэзия күні жаппай өлең оқу шаралары ұйымдастырылып, БАҚ-та поэзияның адам өміріндегі маңызы және басқа өнер түрлерімен өзара байланысы туралы жазылады. Шығармашылық кештерде танымал ақындар поэзияның арқасында адамдар жан тебіренісі мен сезімін әдемі өлең жолдары арқылы жеткізе алатынын түсіндіреді.

Сондай-ақ, бүгін – Халықаралық Даун синдромына шалдыққан науқас күні. Мерекені енгізуді 2006 жылы осы тақырыпқа арналған VI симпозиум қатысушылары ұсынды. 21 наурыз күні кездейсоқ таңдалмаған: бұл сан - Даун синдромының символикасы. Хромосомалардың біріндегі трисомияның салдарынан адам осы дертке шалдығады екен. 21-ші хромосоманың үш бірдей көшірмесі болады. Бұл ауруды "күнтізбе тіліне" үшінші айдың 21-ші жұлдызы деп аударыпты.

Сонымен қатар бүгін Twitter әлеуметтік желісі туған күнін тойлап жатыр. 2006 жылы 21 наурызда бағдарламалық қамсыздандыру саласында еңбек жолын бастаған жас әрі болашағы зор бағдарламалаушы Джек Дорси осы желідегі алғашқы хабарламасын жариялады. Әлеуметтік желідегі посттың мәтіні 140 символдан ғана тұруы тиіс, себебі о баста Дорси Twitter арқылы адамдар SMS жазысады деп ойлаған. Twitter сөзі ағылшын тілінен аударғанда "шықылықтау" дегенді білдіреді, бірақ желінің негізін қалаушы бұл ұғымды ауыспалы мағынада пайдаланып, "шағын ғана, мән-мағынасыз мәліметті" сипаттапты. Әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек, әлем елдерінің 90%-да үкіметтің ресми Twitter парақшасы бар. Twitter логотипі – кішкентай құс, оның бейнесі жылдар өткен сайын өзгеріп, барынша қарапайым кейіпке еніп келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу