👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  14.03.2023
  294


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Сені сүю

Сені көргім келеді,


Көңілім босап құлағанда.


Саған барғым келеді,


Өмір мәнін жоғалтқанда,


Саған жазғым келеді,


Дүние қирап бұзылғанда.


Құшағыма қысқым келеді,


Жүрек іздеп жарылғанда.


Қол ұстасып жүргім келеді,


Сырласымды таппағанда.


Саған тіреу болғым келеді,


Маған келіп ашылатын.


Саған демеу болғым келеді,


Менің сөзім жандыратын.


Сенің жаныңда болғым келеді,


Сені іздеп сағынатын.


Сенің жаның болғым келеді,


Махаббаттыңа шомылатын.


Сенің бағың болғым келеді,


Өміріңді қызықтыратын.


Бұл дүние құрып кетсін.


Махаббат сан қинасын,


Мейлі мені түңілтсін,


Керек болса сынасын.


Не болсада өмірімде,


Өкінбеспін ешқашан,


Сені сүю мына маған,


Нағыз бақытқа айналған.


Сені сүю мына маған,


Нағыз бақытқа айналған.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы