Өлеңдер ✍️

  13.03.2023
  511


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Кетіп қалғым келеді.

Барлығын қоятын шығармын бір күні,


Мен көрдім ғой тек қинайтын сезімді.


Мазаламай кетіп қалғым-ақ келеді,


Тек көңілім босап оны жібермеді,


Жүрегіме әмірлік жүрмеді.


Бір жанған сезім екінші рет өшпеді,


Өлеңдіде сезімдіде тастап кеткім келеді,


Мен бұлардан шаршап кеттім себебі.


Керек емес сезім маған ендігі.


Ұмыта алмай күнде қайғырғым келмеді,


Жіберуге күшім жетпей отырам,


Бір жан болам үнемі аяққа оралған,


Мына маған пайда жоқ қой бәрінен,


Өлеңненде сезімненде күтпегем.


Риза болам мына сезім өлтірсе,


Риза болам бұл махаббат көмілсе,


Сүю деген бақыт емес шатаспаң.


Ол бір қайғы айырылмайтын ешқашан,


Адам болмас сені мендей сүйе алған,


Мен саған бар сезімді арнағам,


Кетер едім өміріңнен тезірек.


Қарғыс атқыр сезім бар ғой елжіреп, 


Сені енді жібере алмас болды деп,


Сені сүйген мен емеспін жүрегім. 


Сені іздеген мен емеспін көздерім,


Жаным сені қинағымда келмейді,


Күнде жазып мазалағым келмейді,


Тек жүрегім ұмытпайды іздейді.


Өміріңнен ғайып болам бір күні,


Өткеніңде түнек болғым келмейді.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу