13.03.2023
  360


Автор: 365 күн

18 наурызда әлемде туған танымал тұлғалар

1844 жылы орыс композиторы, педагог, дирижер, музыкалық сыншы  Николай  Римский-Корсаков дүниеге келді;

1931 жылы британиялық костюм суретшісі, әскери-тарихи кітаптардың авторы  Джон Молло туды. Ол "Жұлдызды соғыстар. IV эпизод: Жаңа үміт" және  "Ганди" фильмдері костюмдерінің үздік дизайны үшін екі мәрте "Оскар" сыйлығының лауреаты атанды. Дарт Вейдер бейнесін ойлап тапқан  адам;

1949 жылы ресейлік кинорежиссер, сценарист, актер, продюсер, "Ералаш" киножурналының көркемдік жетекшісі Борис Грачевский дүниеге келді;

1959 жылы француз кинорежиссері, сценарист, продюсер Люк Бессон туды.  EuropaCorp –тың негізін қалаушы, "Леон", "Оның аты Никита", "Такси", "Бесінші элемент" және т.б. фильм авторы;

1970  жылы америкалық әнші, рэп орындаушысы, актриса, модель, "Грэмми", "Алтын глобус", "Эмми" сыйлықтарының лауреаты Куин Латифа өмірге келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу