13.03.2023
  101


Автор: 365 күн

18 наурызда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін әлемде Париж коммунасының күні аталып өтеді. Ол тек Францияда ғана емес, көптеген елде тойланады. Мереке 1871 жылы 18 наурыздағы пролетарлық төңкеріс жеңісіне арналған. Бұл жұмысшылардың елдегі билікті өз қолдарына алу жолындағы ең алғашқы сәтті қадамы болатын.
Сондай-ақ, 18 наурыз – Аян беретін түс күні. Кейбір адамдар бал ашудың тиісті ережелері сақталса, бұл күні болашақты көруге болады деп сенеді. Міндетті түрде орындалатын түс көруге болады. Ол сәттілік, ақша, отау құру, перзентті болу сынды жағымды жаңалық әкелуі мүмкін. Аян беретін түстерге сену керек пе, әлде болжамға қарамастан, тағдырыңды өз қолыңа алу қажет пе?  Кітаптарда жазылған түс жоруға толықтай сенуге болмайды. Түсіңіздің мағынасын іздегенде, екі нәрсені естен шығармаған жөн. Біріншісі, түс жору кітаптарындағы мысалдардың бәрі сізге қатысты бола алмайды. Екіншіден, түсті жору кезінде оны көрген адамның көңіл-күйі мен өмірлік тәжірибесін де ескеру керек.
Бұл күні Беларусь елінде Ішкі әскер күні тойланады. Елдегі қоғамдық тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі. 1918 жылдың 18 наурызында Витебск қаласында қарауылшы жасақ құрамынан Беларусь елінің ішкі әскері құрылған болатын.

Арубада Ту күні аталып өтеді. 1976 жылы 18 наурызда Кариб теңізіндегі бұл шағын аралдың ұлттық әнұраны мен туы қабылданды. Қазіргі таңда ол Нидерланд корольдігінің құрамына енген. Тұрғындарының саны 111 мыңнан асады




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу