13.03.2023
  90


Автор: 365 күн

17 наурызда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін Ирландия қамқоршысы – әулие Патрикті еске алу күні (St. Patrick's Day). Әулие Патрик күні Дублинде, Нью-Йоркте, Токиода, Сеулде, Буэнос-Айресте,Сиднейде және Мәскеуде наурыздың 17-сі күні аталып өтеді. Көптеген қалада мыңдаған адамның қатысуымен ән мен би шеруі ұйымдастырылады. Ирландияда христиан дінінің қабылдануын білдіретін мереке католик әулиесі Патрикке арналған. Мейрамның басты символы – беде өсімдігінің үш қатпарлы жапырағы.

Ирландиялықтар бүл күнді осыдан мың жыл бұрын атап өте бастаған. Ол кезде бұл қарапайым халықтық мереке болған. Ал литургиялық күнтізбеге XVII ғасырдың басында енгізілді. 3 ғасырдан кейін Әулие Патрик күні Ирландияда ресми демалыс ретінде жарияланды.  Епископ тек Ирландия ғана емес, Нигерияда да қамқоршы саналады. Өйткені христиан уағызшылары Замартас аралы арқылы Африканың бұл еліне де барған болатын.

Православ бағытын ұстанушылар да бұл әулиені Патрикий есімімен атап құрметтейді. 2017 жылы  орыс православ шіркеуі оны әулиелер есімдерінің күнтізбесіне енгізді. Алайда еске алу күні Юлиан күнтізбесі бойынша наурыздың 30-на келіп тұр.

Cонымен қатар бүгін халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мейрамы. Мерекені қызметтері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласымен байланысты мамандар атап өтеді. Бұл сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі аса маңызды.

Мамандар тұрғындардың баспаналарында газ, су мен жарықтың болуын үнемі қадағалайды. Саябақтар, көшелер, жолдар мен аулалардың әсемдігі мен тазалығын сақтайды. Ал  сауда және тұрмыстық қызмет көрсету саласының қызметкерлері ел экономикасын дамытуға үлес қосуда. Қызмет тізімін кеңейтіп, сапасын жақсартуға сеп болып келеді. Олар кәсіби мереке күні басшылық пен әріптестерінен құттықтау мен сыйлық қабылдайды.

Таиландта Муай тайдың ұлттық күні аталып өтеді (бұл мереке Тай боксының ұлттық күні, Муай тай ұлттық боксы күні деп те айтылады). Тай боксы (муай тай) – Таиландтың жекпе-жегі. Ол ежелгі тай жекпе-жегі - муай бораннан қалыптасқан. Таиландтағы ең танымал спорт түріне арналған мейрам әйгілі муай тай шебері Най Кхам Томның құрметіне белгіленді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу