12.03.2023
  92


Автор: 365 күн

15 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – бүкіләлемдік тұтынушылардың құқығын қорғау күні. Ол алғаш рет 1983 жылы 15 наурызда аталып өтті. Бұл мейрам – АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің 1961 жылы 15 наурызда Конгресте тұтынушылардың құқығы жайында сөйлеген сөзімен байланысты. Онда Кеннеди тұтынушылар қатарына барлық адам жатынын айтып, тұтынушылардың ақпарат алу, қауіпсіздік, таңдау және хабардар болу құқығына ие екенін жария етті. Кейін мереке кәсіби ортада және қарапайым халық тарапынан қолдау тауып, жыл сайын белгілі бір тақырыпта салтанатты жиындар ұйымдастырыла бастады. Тақырыпты бүкіләлемдік тұтынушылар одағының ұйымы бекітеді.

Сонымен қатар, 15 наурыз – халықаралық итбалықтың баласын (бельки) қорғау күні (International Day of Action for the Seals). Бұл мейрам халықаралық жануарларды қорғау қорының (IFAW) бастамасымен әлемнің көптеген елінде аталып өте бастады. Гренландиялық итбалықтың баласы өте сүйкімді, балықпен қоректенеді. Аңшылар оларды қымбат терісі үшін аулайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын аталған жануардың терісі Еуропа, Ресей, Қытайда және әлемнің көптеген елінде заңды түрде сатылып келген. Итбалық Солтүстік теңіз, Ақ теңіз, Баренц, Кар және Гренландия теңіздерінде мекендейді.

Сондай-ақ бүгін – Халықаралық қайырымды іс жасау күні. Мейрамды тойлау 2007 жылы Израильде болған оқиғадан басталды. Онда 7 000 адам жиналып, көмекке мұқтаж жандарға жақсылық жасаған. Бұл бастамаға әлем халқы бей-жай қарай алмады. Бүкіл жұрт көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға ниет білдірген болатын. Мейрамға қатысатын адамдардың саны жыл сайын артып келеді.

15 наурыз – Халықаралық полиция қатыгездігіне қарсы күрес күні. Алғаш рет 1997 жылы аталып өтті. Оған Монреаль қаласындағы "Полиция қаталдығына қарсы әрекет ұжымы" мен "Қара жалау" швейцариялық тобы бастамашы болған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу