12.03.2023
  110


Автор: 365 күн

14 наурыз күні туған танымал тұлғалар

(1916-1996) әнші (тенор), Қазақстанның халық әртісі Мүсілім Мүкімұлы АБДУЛЛИН дүниеге келді.
Өскемен қаласында туған. Алматы музыка техникумын, Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясын бітірген.


(1928-1982) ақын Нұрсұлтан ӘЛІМҚҰЛОВ дүниеге келді.
Алматы облысының Қаскелең қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.


(1935-2014) прозашы, драматург, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Қалихан ЫСҚАҚ дүниеге келді.

(1944-2017) диктор, тележурналист, КСРО телерадиосының үздігі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Тыныс Шындәулетұлы ӨТЕБАЕВ дүниеге келді.

(1969) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот судьясы Марғұлан Жұбанышұлы БЕКТҰРҒАНОВ дүниеге келді.

(1973) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қуаныш Жұмабекұлы АСЫЛОВ дүниеге келген.

(1981) «Nur Otan» партиясының қоғамдық саясат институтының директоры Мадина Маратқызы НҰРҒАЛИЕВА дүниеге келді.

(1983) боксшы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері Бақтияр АРТАЕВ дүниеге келді.
Тараз қаласында туған. Бокспен 10 жасынан айналысқан.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу