12.03.2023
  94


Автор: 365 күн

Тарихи оқиғалар 14 наурыз

1921 жылы Түркістан республикасының Орталық атқару комитеті Верный қаласының атауын Алматы деп өзгерту туралы декрет қабылдады.

1980 жылы «Қазақстан пионері» газеті және «Партийная жизнь Казахстана» атты журналы «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталды.

1994 жылы Қазақ мемлекеттік заң институты құрылды. 1996 жылы қарашада Қазақ мемлекеттік заң университетіне, ал 2000 жылы ақпанда Мемлекет және құқық институтымен бірігіп, Қазақ мемлекеттік заң академиясына айналды.

2001 жылы қазанда Қазақ гуманитарлық заң университеті болып қайта құрылды.

2005 жылы Ресейдің Түмен қаласында 14-22 наурыз аралығында Қазақ өнерінің күндері өтті. Облыстық ұлттар үйінде бір апта ішінде түмендіктер қазақ мәдениетімен және тұрмыс-тіршілігімен танысты, қазақстандық кинематографистердің фильмдерiн тамашалап, ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Сонымен бiрге, бұл күндері әртүрлi жарыстар, қолданбалы өнер көрмесi, фотокөрмелер ұйымдастырылды.

2005 жылы Алматыда зерттеушi, мәдениеттанушы Серiкбол Қондыбайдың рухына арналған алғаш рет «Қондыбай оқулары» өтті. Серікбол Қондыбай (1968-2004) - мәдениеттану, тарих, лингвистика және мифология саласында өзінің жаңа тұжырымдамаларын енгізген ғалым. Оның өзіндік көзқарастары «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе», 4 томдық «Арғы қазақ мифологиясы», «Қазақ даласы және герман тәңірлері» және «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» сынды онға жуық кітаптарында көрсетілген. Сондай-ақ 90-нан астам ғылыми мақаланың авторы.

2008 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Ұлттық инновациялық қордың және Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің қолдауымен жасалған Futurtech ХАТИ Ақпараттық технологияларды жалпыхалықтық оқыту әлеуметтік жоспарлы бағдарламасының (IT ағарту) тұсаукесері өтті. Бағдарлама халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына қолдау көрсетуге бағытталған. Ол мұқтаж азаматтардың компьютерлік сауатын жетілдіруге мүмкіндік туғызып, олардың жұмыспен қамтылуына, лайықты өмір сүруіне жәрдемдеседі.

2011жылы Алматыда алғашқы Еуразиялық саясаттанушылар конгресі жұмысын бастады.

2011жылы Сауд Арабиясы Корольдігінде халықаралық «The Ambassador's Choice» халықаралық кинофестивалі аясында алғаш рет қазақ фильмі көрсетілді. Басты рөлде Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі Асанәлі Әшімов ойнаған «Сіз кімсіз, Ка мырза?» атты фильмнің таныстырылымына шетелдік дипломаттар, корольдіктің зиялы қауым өкілдері қатысты.

2013 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қысқамерзімді демалысы кезінде Израиль Президенті Шимон Переспен жұмыс кездесуін өткізді.

2013 жылы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» өлеңдер жинағы елде жалпыға бірдей оқуға ұсынылды.

2013 жылы ұлы британ композиторы Эдвард Эльгардың шығармашылығын насихаттағаны үшін қазақстандық танымал скрипкашы Марат Бисенғалиевке Эльгар қорының алтын дискісі мен сыйлығы табыс етілді.

2014 жылы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Бейжіңмен бейнекөпір арқылы сайттың қытай тіліндегі нұсқасын таныстырды. «ҚазАқпарат» ХАА сайтын таныстыру екі ел - Қазақстан мен Қытай елшіліктерінің қолдауымен өтті. Мақсат - елдер арасындағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық байланыстарға үлес қосу.

2016 жылы Семей қаласында «СемАз» көлік жинау зауытының конвейерінен қазақстандық алғашқы «Газель Next» шықты. Бұл үлгі отандық нарықта сұранысқа ие.

1905 жылы ағылшындық «Челси» футбол клубының негізі қаланды.

1953 жылы калифорниялық «Ампекс» (Ampex) компаниясы әлемдегі алғашқы видеомагнитафонды - VR-1000 (VRX-1000) көрсетті. Оның құны 50 мың АҚШ долларын құрады. Сондықтан да ол тек ірі телестансаларда ғана пайдаланылды.

2004 жылы ресейде президенттік сайлау өтті, Владимир Путин 70 пайыз дауыспен қайта сайланды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу