12.03.2023
  116


Автор: 365 күн

АТАУЛЫ КҮНДЕР 14 наурыз

Халықаралық өзен күні немесе Бөгеттерге қарсы күрес күні
1997 жылы наурыз айында Бразилияның Куритиба қаласында ірі бөгет құрылыстарын салуға қарсы бағытталған бірінші Халықаралық конференция өтті. Конференцияда жыл сайын 14 наурыз күні «Өзен, су және өмірді қорғау үшін бөгеттермен күрес күнін» атап өту шешімі қабылданды.

Халықаралық Пи (π ) санының мейрамы
Мерекені 1987 жылы физик Ларри Шоу ойлап тапты. Пи саны - шеңбер ұзындығының оның диаметрінің ұзындығына қатынасын білдіретін математикалық константа. π-дің сандық мағынасы 3,141592 деп басталады және шексіз математикалық жалғасы бар. Бұл халықаралық мейрам 22 шілдеде де аталып өтіледі.

Эстонияда ана тілі күні
Бұл күні елде мемлекеттік тіл мәселесі көтеріледі. Эстон ақыны Кристьяна Яак Петерсонның туған күні атап өтіледі. Кристьян Яак Петерсон - XIX ғасыр ақыны. Оның шығармашылығы ұлттық эстон әдебиетін құруда алғашқы қадам болды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу