09.03.2023
  84


Автор: 365 күн

12 наурызда әлемде қандай қызық оқиға болды?

Бүгін - Бүкіләлемдік ананас күні. Бұл мейрамда диеталық ас ретінде танылатын ананастың түр-түрі ұсынылады. 1970 жылы 12 наурызда Гавайиде ананастың ең дәмді сұрпы - DEN MONTE GOLD сатылымға шығарылды. Мысалы, Қытайда жаңажылдық дастарханға ананас қойылмайынша қонақтар үстелге отырмайды. Өйткені олар ананас жиналған жұртқа жетістік әкеледі деп ырымдайды.

Гиннестер рекорды кітабына 1994 жылы ең үлкен ананас енді. Оның салмағы 8 келі болған. Ал бүгіндері ананастың 60-тан аса сорты бар. Оның ішінде көп тұтынылатыны: Куин, Монте Лирио, Кайендік, Сингапурлық және басқа да түрлері.

Ресейде 12 наурызда жыл сайын қылмыстық-атқарушы жүйе қызметкерлерінің күні тойланады. Бұл кәсіби мереке РФ президентінің 2010 жылы 16 қарашадағы қаулысымен бекітілген. Бұл датаның белгіленуі де кездейсоқтық емес. 1879 жылы 12 наурызда орыс патшасы Александр ІІ түрме департаментін құру туралы жарлыққа қол қойған. Ресей тарихында ұрлық-қарлыққа, кісі өлтіруге, тонауға, жалған айыптауға Х-ХV ғасырлардан бері жаза қарастырылады. Мысалы, ұрыларға тағайындалған ежелгі жаза өте қатаң болған. Кім де кім ұрлық үстінде ұрыны ұстап алса, оны сол арада өлтіруге қақылы еді.

АҚШ-та скаут қозғалыстары өте танымал әрі олардың атаулы мереке күні де бар. 12 наурызда жыл сайын Скаутшы қыздар күні тойланады. 1912 жылы 12 наурызда Саваннада (Джорджия штаты) алғашқы әйелдер скаут отрядының кездесуі өткен. Кездесуге 18 скуатшы қыз қатысқан. Ал бүгіндері АҚШ-та Скаут қозғалысына қатысушылардың саны 3,5 миллионан асады.

Скаутшы әйелдер қозғалысының негізін қалаушы - Джульетта "Дэйзи" Гордон Лоу. 1911 жылы Лоу Шотландияда алғашқы скаутшы қыздар (Girl Guides) отрядын құрды. Кейін олар 12 наурызда Саваннада кездесу өткізді. 1915 жылы қозғалыс атауын Girl Scouts деп өзгертіп, оның тұңғыш президенті Лоу болды. Қозғалыстың басты мақсаты – қыздарды физикалық, рухани және ақыл-ой тұрғысынан дамыту. Олар көбіне тауға шығып саяхаттауға, ашық аспан аясында демалуға басымдық береді. Скаутшы қыздар қайырымдылықпен белсенді түрде айналысады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу