09.03.2023
  327


Автор: Гүлім Омар

Кітап, білім туралы қанатты сөздер


1. Білімнің толы кесесін,
Сүйсініп ішсең өсесің.

2. Кітап - рухани азыққа толы.

3. Жіберіп алмай жас өмірдің есесін,
Кітаппен толтыр білімнің терең кесесін.

4. Кітап - жан азығы,
Тамақ - тән азығы.

5. Білім толы кесені,
Қанып ішкен өседі.

6. Біліммен сусындатып миыңды,
Жоғалтпа ел алдында сыйыңды.

7. Кітапты жан азық деп қанып іш,
Әр сырын терең ұғып, танып іш.

8. Ыдыс көрдім ішінде кітабы бар,
Оны ішкеннің өмірде ұтары бар.

9. Су ішсең шөліңді басар,
Ал, кітап көңіліңді ашар.

10. Жібергің келмесе білімнің есесін,
Төгіп алма кітап толы кесесін.

©️ Гүлім Омар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу