08.03.2023
  89


Автор: 365 күн

11 наурызда қандай айтулы оқиға болды

Бұл күні 1801 жылы І Павелдің жарлығымен Волга және Орал өзендерінің арасында Бөкей ордасы құрылды. Патша үкіметі бұл қадамға Кіші жүз руларының патшалық отарлау саясатына қарсы наразылығы күшейіп кеткен соң барды.

11 наурызда Ресейде есірткімен күрес органы қызметкерлерінің күнін аталып өтеді. Бұл мереке РФ Есірткі және психотропты заттар айналымын қадағалау бойынша мемлекеттік комитетті құру туралы 2003 жылы 11 наурызда шыққан қаулының құрметіне 2008 жылы бекітілді.

11 наурызда Литва Республикасы тәуелсіздігін қайта қалпына келтіру күнін тойлайды. 1991 жылғы қаңтарда Вильнюсте Кеңес әскерлері телеорталық ғимаратын басып алды. Осы қақтығыстан кейін Литва наурыздың 11-інде 1918 жылы жарияланған тәуелсіздігін қайта қалпына келтірді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Литва Республикасын тәуелсіз деп жариялады. Литва - КСРО құрамындағы алғашқы болып тәуелсіздігін жариялаған ел.

Тәжікстан жыл сайын 11 наурызда тәжік баспасөзі күнін атап өтеді. Осы күні 1912 жылы тәжік тіліндегі алғашқы газет жарық көрген. Ол "Қасиетті бұқара" деп аталды. Көп ұзамай бұл басылым тәжік әміріне ұнамай, жабылып қалады. 

Одан кейінгі басылымы кеңес билігі кезінде, яғни 1925 жылы "Тәжіктердің мейрамы" атауымен жарық көрді. Тәжікстанда баспасөз күні журналистер бас қосып, отандық БАҚ-ты қалай дамыту керектігі туралы түрлі талқылаулар өткізеді. Соңғы жылдары мұндай басқосуларда Тәжікстанда интернетті дамыту, парсы тіліндегі электронды кітаптарды жарыққа шығару тақырыптарына көп көңіл бөлінуде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу