Өлеңдер ✍️

  05.03.2023
  460


Автор: Есбол Бозан

Махаббат мехнаты

Жан болсам сезімді сезбес мүлде,


Сүйгеніммен келмес еді кездескімде.


Тамамдап махаббат сапарымды,


Жүрегімді қорлатпаймын енді ешкімге.


 


Айналғанда шыдамым кенет күлге,


Жыр жазуға табылар себеп күнде.


Ендеше, біреуді құлай сүйіп,


Ылғи оны сағынуым керек кімге?


 


Керек кімге жануым қызғаныштан,


Күтпес бақыт бәрібір бізді алыстан.


Кім сақтаса өз-өзін махаббаттан,


Сол бір адам бақытты, шын данышпан.


 


Сол аруды ұмытайын ғашық еткен,


Құшағымды мен оған ашып өткем.


Махаббат басталып қуанышпен,


Аяқталар соңында қасіретпен!


 


Ақпан. 2023 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу