04.03.2023
  94


Автор: 365 күн

10 наурызда қандай қызықты оқиға болды

Жыл сайын 10 наурызда ерекше мереке – Тәуекел күні аталып өтеді. Ел аузында "нар тәуекел – ер ісі", "уайым түбі − тұңғиық, батасың да кетесің, тәуекел түбі − жел қайық, мінесің де өтесің" деген секілді ұлағатты сөздер сақталған. Бұл өмірде әрбіріміз тәуекелге бел буамыз. Әдетте, көп жағдайда тәуекел еткендердің жолы болып жатады. Кей кезде жүрексініп, қорқып тұрсаң да, тәуекел ете білген дұрыс. Кейде ол біреудің өмірін құтқаруы мүмкін, ал біреулер үшін – адреналиннің кезекті порциясы.  
Ресейде бүгін – Мұрағат күні. Кеңес заманында архив мамандарын 1 маусымда құттықтайтын болған. КСРО ыдырағаннан кейін де мұрағатшыларға құрмет көрсету дәстүрі сақталды. Ресей тарихында бұл мейрам 2003 жылдың 5 наурызынан бастау алады. Федералды мұрағат қызметінің алқасы жыл сайын 10 наурызда мұрағат мамандарының құрметіне салтанатты жиын өткізу туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, бүгін – Геодезия және картография қызметкерлерінің күні. Көп ғасырлық тарихы бар Геодезия күні 1720 жылдың наурызындағы оқиғаларға арналған. I Петр империя аумағын картаға түсіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл саланы одан әрі I Николай дамытты. Оның бастамасымен Пулковская обсерваториясы құрылды. 1919 жылдың 10 наурызында "Жоғары геодезия басқармасын құру туралы" декрет жарыққа шықты. 1992 жылы Ресейдің федералды геодезия және картография қызметінің негізі қаланып, сала қызметкерлерінің еңбегі елене бастады. Мереке кезінде ұйымдастырылатын салтанатты шараларға геодезистер, картографтар, РФ Қарулы күштері Топография қызметінің жеке құрамы, олардың туысқандары мен достары, таныстары, жақындары, бейінді оқу орындарының студенттері, түлектері мен оқытушылары қатысады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу