04.03.2023
  91


Автор: 365 күн

9 наурызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Халықаралық ди-джей күні. Бұл мейрамның басты мақсаты – қоғам назарын қайырымдылық қызметіне аудару, тек содан кейін ғана DJ-шеберлерінің еңбегінің маңыздылығын көрсету. ЮНЕСКО балаларға қайырымдылық көмек аптасын қорытындылайтын күн ретінде 2002 жылы бұл мейрамды атап өтуге рұқсат берді. Концерттерден, түрлі іс-шаралардан түскен барлық ақша, әдетте, ірі халықаралық қайырымдылық ұйымдардың есепшотына аударылады. Мейрамның пайда болуына бүкіләлемдік DJ қоры мұрындық болған. БАҚ, шоу-бизнес жұлдыздары, музыка арналары мен ди-джейлер бұл күнді атап өтуге өз үлесін қосады.
Сондай-ақ, бүгін барша кішкентай қыздың арманы әрі сүйікті ойыншығы – Барби қуыршағының туған күні. Барби қуыршағы алғаш рет 1959 жылы 9 наурызда Нью-Йорктегі көрмеде таныстырылып, 3 долларға сатыла бастады. Ойыншық көптің көңілінен шыққаны соншалық қыздарға арналған ең үздік сыйлыққа айналды. Кейін дәл осы күн оның туған күні болып белгіленді.
Барби қуыршағын Рут Хэндлер ойлап тапқан. Рут Швейцарияға демалуға барған кезде, жұрттың бәрі Лилли деп атайтын "ересек" қуыршақты көріп, оның түрі, дене бітімі мен киіміне тамсанып қайтады. Кейін өзі де осыған ұқсас қуыршақ жасап шығаруға бел буып, оны қызының есімімен атайды. Алғашқы Барби ұзын әрі қара шашты, бетіне опа-далап жағылған, ақ-қара "купальник" киген ересек әйел сияқты еді. Лиллиден аса қатты айырмашылығы болмайтын. Араға біраз уақыт салып Барби неше түрлі киім киіп, шашының түсі де өзгере бастады. Барбидің көйлектері Ив Сен-Лоран, Жан Поль Готье сән үйлерінде тігілсе, әшекей бұйымдарын белгілі зергерлер жасаған.
Бүгін тағы – ерекше ойлайтын адамдар күні. Түптеп келгенде, бір адамның ойы екінші бір адамның ойына мүлде ұқсамайды. Әрбірінің ой-пікірі басқаша, көзқарасы мен дүниетанымы бөлек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу