04.03.2023
  152


Автор: 365 күн

8 наурызда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін әлемнің 31 елінде Халықаралық әйелдер мерекесі тойланады. Мейрам мемлекеттік деңгейде аталып өтетіндіктен ресми демалыс күні болып саналады. Асыға күткен көктемнің келуіне, сұлулық пен нәзіктікке, әйелдердің қоғам өміріндегі рөліне арналған. Тарихтан біраз сыр шертсек, 8 наурызда Нью-Йорк фабрикасында жұмыс істейтін әйелдер жалақыны көтеруді талап етіп митингке шықты, себебі ол кезде әйелдің еңбекақысы мардымсыз болатын. Осы орайда өмір бойы әйелдер құқығы үшін күрескен Клара Цеткинге алғыс айтқан жөн. Соның арқасында бүкіл әлем мерекені атап өтеді. Қазір 8 наурыз саяси сипатын жоғалтып, аналар, қыздар, сүйген жар мен әріптес қыз-келіншектерді ер азаматтар құттықтайтын тамаша мейрамға айналды. Арулар мерекесі Ежелгі Римде де болған екен. Бұл күні күйеулері әйелдеріне гүл және сыйлықтар ұсынып, ал күңдерге заңды демалыс берілетін болыпты. Ресейде патша заманында әйелдер құқығы үшін күрес күні 1918 жылға дейін 23 ақпанда тойланатын. Кеңестік әйелдер 1965 жылға дейін 8 наурыз мерекесін атап өтіп, гүл алмаған екен.

Сирияда 8 наурызда Төңкеріс күні аталып өтеді. Мереке 1963 жылы 8 наурызда Сирияда басталған төңкеріске арналған. Бұл төңкерісті көбінесе "8 наурыз төңкерісі" деп атайды. Төңкеріс күні Сирияда жергілікті халық "Баас" партиясының билікке келуін тойлайды. 1963 жылы 8 наурызда әскери төңкерістен кейін осы партия билік тізгінін қолға алған, бірақ негізінде төңкерісті ұйымдастыруға тікелей қатысы болмаған.

Малайзияда бүгін сұлтан күні аталып өтеді. Сұлтан сияқты үш әйел алуды біраз жігіттер армандайтын шығар, дегенмен мұны әркімнің тағдыры шешеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу