Өлеңдер ✍️

  03.03.2023
  423


Автор: Болат Құрсақбай

Қыз

Қыз—өрісің, қыз —баянды қонысың.
Қыз—намысың. Жаралғандай ар үшін.
Қыз —өмірдің қайнар көзі, бұлағы,
Қыз —келбетің. Ұлт тағдыры, тау мүсін.

Қыз —тарих. Шежіресі өмірдің.
Қыз —ар, ұят. Берекесі елімнің.
Қыз —арысың. Алты алаштың анасы,
Қыз —қуатың. Қайыспайтын сенімің.

Қыз—шуағың. Бар әлемнің жарығы.
Қыз —бұлағың. Көңілдің көк құрағы.
Қыз —арманың. Қол жетпейтін кей кезде,
Қыз —шындықтың шырылдаған тұрағы.

Қыз—қыр гүлі. Қазақтың нақ бейнесі.
Қыз —жыр гүлі. Ақындардың пернесі.
Қыз әрине шалқып жатқан теңізің,
Қыз—азамат. Жер шарының еркесі.

Болат Құрсақбай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу