03.03.2023
  172


Автор: 365 күн

5 ақпанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан дипломатиялық курьерлерді еске алу күні аталып өтеді. Бұл күні Ресей Сыртқы істер министрлігі Отанға ақтық демі қалғанша қызмет еткен адамдарды құрметпен еске алады. Қазіргі дипломатиялық курьерлердің қызмет ету тарихы 1918 жылдың 27 тамызынан бастау алады. Сыртқы істер жөніндегі Халық комиссариаты тұсында шетелде Кеңес Одағы өкілдіктерімен құпия және ең бастысы нақты байланыс орнататын жаңа бөлімше құрылды.

Әуел баста онда 11 адам ғана жұмыс істеді. Егер тарихқа оралсақ, XVII ғасырға дейін Ресейде билеушіден адресатқа дейін қажетті құжаттарді елшілер жеткізді. Олар "ұлы елшілер" (қазіргі түсінікте елшілер), "жеңіл елшілер" (уәкілдер) және "елшілер" (дипломатиялық курьерлер) деп бөлінді. Содан кейін пошта құрылды. Дипломатиялық курьерлердің қызметі ерекше жағдайларда пайдаланылды. 5 ақпанда кеңес дипломатиялық курьері Теодор Неттоның өлтірілуіне байланысты Еске алу күні белгіленді. 1926 жылдың 5 ақпанында оған және оның серіктесіне шабуыл жасалды. Неттоны өлтірді, ал ауыр жараланған екінші курьер маңызды құжатты қорғап қалды. Қаза тапқан 23 дипломаттың есімі тарихқа енді. Өлімге негізінен түрлі апаттар себеп болды.  

АҚШ-та бүгін Ұлттық метеоролог күні (National Weatherperson's Day немесе National Weatherman's Day) күні аталып өтеді.Бұл мерекені кәсіби метеорологтар ғана емес, ауа-райын бақылап жүретін адамдар да тойлайды, бұл олардың хоббиі немесе ерікті қызметтің түрі. Мереке датасы ретінде Джон Джеффристің туған күні таңдап алынды. Бұл Бостон дәрігері, ғалым және әскери хирург 1744 жылы 5 ақпанда дүниеге келген. Ол – Америкадағы алғашқы ауа райын бақылаушылардың бірі. Мәселен, 1774 жылдан 1816 жылға дейін ол Бостондағы ауа райы жағдайын тұрақты түрде жазып отырды.  

Бүгін сондай-ақ Эрудит күні. Эрудит – көптеген салада кең ауқымды таным-түйсікке ие білімді адам. Эрудит – білімнің көзі, бірақ идеялар қайнары емес, деді Джеймс Норткот. Ол көп оқиды, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысып, ой-өрісін үнемі кеңейтіп отырады, ол әлемді танып біледі, бұл жан-жақты дамыған адам. Азаматтардың осы санатына мереке арналған және жыл сайын бейресми түрде аталып өтеді. Мерекенің мақсаты – қоғамның зияткерлік және адамгершілік деңгейін көтеру. Бұл күні зияткерлік ойындар ұйымдастырылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу