Өлеңдер ✍️

  03.03.2023
  458


Әйел қасиеті. (қалжың өлең)

Ешкім таппас, әйелдегі жұмбақты.
Бүкіл болмыс, жан-тәнімен сымбатты.
Сенің асау бас білмеген жыныңды,
Жанарының үнімен-ақ тыңдатты.


Күндей ыстық қылығымен сүйкімді.
Баурап алып сенің маубас ұйқыңды.
Періштеге айналдырар бір сәтте.
Албастыға ұқсап кеткен сыйқыңды.


Әйелдердің болмысы өзі сыр жұмбақ.
Өр кеудеңді көрсетіп көр мыңғырлап.
Қаһарыңды арқан жіпсіз, тұсаусыз,
Қабақпен ақ матап алар шынжырлап...


Бұзылса егер көңілінің шынары.
Онда құдай тас төбеңнен ұрады.
Қос кеудеңді ұрғаныңмен қос қолдап,
Бәрін жиып бір етікке тығады.


Әйел осы, дархан дала алып төр.
Ол бұлттанса ақ жауындай жауып кел.
Нағыз мықты еркек болсаң, нәп-нәзік,
Әйел жанның жұмбақ күшін тауып көр.
Нурлан Жапеков




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу