02.03.2023
  101


Автор: 365 күн

4 наурызда қандай қызықты оқиға болды

Масленица – христиан дініндегі ұлы мереке. Ол Ұлы постқа дейін және Пасхадан 7 апта бұрын 7 күн тойланады. Биыл Масленица 4 наурыздан 10 наурыз аралығында мерекеленеді. Ол халықтың қыстан аман шыққанын, көктемнің жылы, шуақты күні жеткенін білдіреді.

Русьте күнді Құдайдай әспеттеген. Сондықтан халық пеште құймақ (блины) пісірген. Құймақ – күннің символы. Себебі ол күн секілді дөңгелек әрі ыстық. Тіпті халық арасында кім көп құймақ жесе, сол күннің шуағына бөленіп, мейірімді болады деген сенім бар. Бұл мерекеде ет тағамдарын жеуге болмайды. Тек сүт тағамдарын пайдалану керек.

Масленицада адамдар түрлі ойындар ойнап көңіл көтереді. Халық арасында кім мықтыны анықтау мақсатында жұдырықтасып төбелесу, құймақ жеу жарысы, шанамен сырғанау, сыйлықты алу үшін бағанаға өрмелеу ойындары ұйымдастырылған әрі тұлыпты өртеген.

Сонымен қатар бүгін – микрофонның туған күні. 1877 жылы 4 наурызда америкалық өнертапқыш Эмиль Берлинер алғаш рет микрофонды шығаруға патент алды. Алайда бұл дауысты күшейтетін алғашқы құрал қазіргі микрофондай болмаған. 1876 жылы америкалық ғалым, өнертапқыш Александр Белл үнді жеткізетін құралды ойлап тапты.

Бүгін – апельсин түсті мысықтардың күні. Көптеген адам үш түсті мысығының болғанын қалайды. Себебі, халық арасында мұндай мысық иесіне бақыт пен табыс алып келеді деген ырым бар. Ал кейбір адамдарға апельсин түсті мысықтың болғаны да жеткілікті. Олар қолайсыз ауа райына қарамастан апельсин түсті мысықтар иесіне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп сенеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу