01.03.2023
  104


Автор: 365 күн

2 наурызда қандай қызықты оқиға болды

2 наурызда компакт-дискінің туған күні аталып өтетінін білесіз бе? Бұл күні 1983 жылы үш жетекші компания Лондонда Бетховеннің Тоғызыншы симфониясы жазылған алғашқы дискіні жұртшылықтың назарына ұсынды.

Қызықты фактілер:

ABBA тобы бірінші болып The Visitors альбомын сериялық компакт-дискіде шығарды.

1985 жылы Dire Straits тобы Brothers in Arms альбомын компакт-дискіге жазып шығарды. Ол 1 миллион данамен таралып кеткен алғашқы альбом болды.

Сондай-ақ бүгін Халықаралық сіріңке күні аталып өтеді. Бір қызығы, кейбір елдерде (Швеция, Швейцария және Германия) сіріңке музейлері бар.

Үндістанда бүгін Холи мейрамы немесе бенгалдық жаңа жыл тойланады. Холи (Holi) — үнді халқының жарқын бояулармен әспеттелетін көңілді мерекелерінің бірі, ол табиғат ананың толысқан шағында аталып өтетін көктем мерекесі. Ел аузында Холи мерекесінің шығуы туралы бірнеше аңыз бар.

Олардың бірінде Холи сөзінің Холика атты әзәзілдің атынан шыққандығы айтылады. Есте жоқ ерте замандарда қаһарлы патшаның ұлы Прахлада Вишнуға табынады екен. Ал оны бұл жолдан ешкім тайдыра алмайды. Сонда оның Холика атты әпкесі отқа түсуіне үгіттеп, арбайды. Бірақ, өзі құрған қақпанның құрбаны болған Холика отқа өртеніп кетеді де, Прахлада аман қалады. Осы оқиғаның құрметіне мейрам күні алау жағылып, серуен құрылады.

Бұл ежелгі мейрам қазір тек Үндістанда ғана емес, бүкіл әлемде тойланып жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу