28.02.2023
  120


Автор: Нұрболат Есен

Мен қалай қазақ болдым?

  Біз осы қазақпыз деп мақтанамыз.Қай жерде жүрсектеде осы сөз аузымыздан түспесі хақ.Ал шын мәнінде қазақ болып жүрмізбе? Осысынды сұрақтарға бірет болсын жауап іздедікпе? Жоқ. Біз болашаққа қадам басамыз, алайда өткен күнімізге зер салып қарап жатқан жоқпыз.Қайдан,қалай, қашан қазақ болғанымызды көбізіміз біле бермейтін секілдіміз.Ал шын мәнінде қалай қазақ болдық?


  Кезекті бір қуанышта отырғам.Арамыздағы көпті көрген атамыз былай деп әңгімесін бастады. «Осы біз тарихы терең тамырлас елміз. Тарихымыз XV ғасырдан бері емес, әлде қайда ары жатыр.Шыңғыс хан заманындағы Керейің мен Меркітің қазақ немей немене.Оданда басқа тайпалар мен рулар сол кезгі тарих сақынасында көрініпте жүр. Ал енді солар сол заманда ғана қазақ бола қалдыма? Ондай болмағанда демек біздің тарих арыда деген сөз.Әлде одан арыда заман болған жоқпа? Біздікілер мұны біледі, бірақ сол XV ғасырмен ғане шектеліп жатырмыз.Арыға барғанға ой-санамыз жетіп тұр,бірақ бізді сол советтік ой-сана билеп алған және сол болмысты ұрпақтарымызға үйретіп келеміз.Неге? Себебі,одан әріге барсақ біреу бізге қысым көрсететіндей болып тұрады.Шын мәнінде олай емес.


  Біздің қайтадан қазақылануымызды  күтіп жүргендер қаншама.Бір құмалақ, бір қарын майды шірткенмен, шіріген бір қарын майды, бір түйіршік қалпына келтіре алмайды.Оған барлығымыз ат салысуымыз керек.Осындағы әр қайсымыз ел үшін еңбек етіп, ұрпақтарға ұлттық құндылықтарымызды сіңірсек, өзіміздің әдеп-ғұрыптарымызды үйретсек, ұрпақтарға біз көрген болмысты емес, қазақылық болмысты қалыптастырсақ міне сонда қазақ болғанымыз.Қазіргі біздің «Мен Қазақпын!» деп жүргеніміз бос сөз. Атымыз қазақ болғанымен затымыз атымызға сай емес.Біреуіміз оны мойындаймыз, ал біреуіміз оны мойындамай жатамыз. Оған келтірер дәлел қаншама.Айтсаң өзің ұяласың.Кейде расында біз қазақпызба деп те қаласың.


  Қазір біз балаларымыздың орысша, ағылшынша сөйлегеніне мәз боламыз.Расында қуанар жағдай.Алайда өз тілін, өз болмысын толыққанды білмеген бала ертең өзін қазақ ретінде көре алама? Ертенгі күні олар бізді кінәламағанымен, олардың алдында біздің арымыз таза ма? Ал кінәласа бар кінәні заманға жабамызба? Әрине оған өзіміз кінәлі боламыз.Бесікте жатқан балаға жыласа болды жалпақ темірді ұстата қоямыз.Соның ішінде өзіміздің баланы тәрбиелейтін бейнелер (мультфильмдер) жетерлік, алайда біз соны көрсетпей қайдағы бір орыстың, қайдағы бір ағылшынның мультфильмдерін қосып береміз.Онымызбен қоймай бір сөзді орысша я ағылшынша сөйлесе мәз боламыз.Қарақтарым, сендерге айтайын бұл біздің өрлеуіміз емес құлдырауымыз яғни ұлттық құндылығымызды, қазақылығымызды және сан ғасырлық тілімізді жоғалтуымыз. Кешегі ұлыларымыздың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - дегені қайда.Біз ел боламыз деуінде дедік, ал бесігімізді түзегеніміз қане? Өз ана тіліңді білмей тұрып өзге тілде сөйлеуің мақтан емес.Керісінше кешегі елім деп жанын құрбан еткен ұлылардың аруақтарының алдында ұялатын жағдай. Ұлтық құндылығымызды, қазақылығымызды қайтадан қалыптастырамыз деп қаншама азаматтар еңбек етіп жүр.Балалар үшін мультфильмдер мен кинолар түсіріп, тіпті балалар үшін телеарнада ашып қойды. Оның бірінде көрсетпейміз.Өздері көрмейді деп балаларды кінәлаймыз.Қайдан көрсін бесікте жатқан кезінен орыс пен ағылшынның мылдырлағын көрсетіп сіңіріп тастасақ.


  Қарақтарым, тағыда айтам бір құмалақ, бір қарын майды шірткенімен, шіріген бір қарын майды, бір түйіршік қалпына келтіре алмайды.Ол үшін мына отырған барлығымыз ат салысуымыз керек. Ат салыс дегенде барып көмектес деп жатқаным жоқ.Мына жүрген балаларыңды бесікте жатқанынан кешегі бесік жырларын, аңыз, ертегілерді тыңдатып өсіріңдер.Оның бәрі бекерге шыққан жоқ. Сол ұлттық құндылықты, қазақылықты бойына сіңіру үшін шығарылған.Біздің жастар кітәп оқымайды неге? Себебі олардың бойында осы құндылықтар жоқ.Олар бесік жырын естімеген, аңыз, ертегілерді тыңдамаған.Өйткені уақытында бесік жырын айтатын, аңыз, ертегілерді оқып беретін ешкім болған жоқ.Айналып келгенде барлығы біздің кінәмыз.Қазірден қолға алмасақ, ертенгі күні біз кеткенде ұрпақтарымыз қазақ болып қала алама? Қарақтарым, қасықтап жинаған қазақ деген болмысымызды шелектеп төккенімізді доғарайық».


  Бұл бір кісінің айтқаны болғанымен, ақиқатқа жүгінсек барлығымызға таныс  мәселе.Кешегі біздің бабалар тәрбиені бесік жырынан бастап ас үстінде де айтып отыратын.Ал қазір біздер ас үстінде телефонды қолымызға алып, ас ішкеннің орнына сол телефонның ішіне үңіліп кетеміз. Балаларға бір-бір телефон алып беріп жатқанымыз қаншама.Алып бергенде де оны қадағаласақ бір жөн.Жанымыздың рахаты үшін не көрседе тыныш отырса болды дейміз. Осылайша тал бесіктен басталатын тәрбиені балалардың бойына сіңірмей келеміз.Осы бір үрдіс өз арнасына түспегеннен кейін қазіргі жастар өзінің қалай қазақ болғанын біле алмай жүр. Шашын бояп,сырға таққан жігіттер мен шашын қиып,қысқа киім киген қыздар осы бір ағаттықтың кесірінен өздерінің кім екенін біле алмауда. Ең өкініштісі олсылардың « Мен Қазақпын!» - деп мақтануы.


  Ұлттық болмысымызды, қазақы құндылығымызды және тіректі тілімізді білмей тұрып сонда қалай қазақ болғанымыз? Біз болмыс пен құндылығымыз ұштасып, тіректі тіліміз мығым болағанда ғана  қазақ боламыз.


                                         


                                                                                                          Авторы: Нұрболат Есен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу