Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  140


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Алдамшы өмір

Ақылды болып тілдегендерерге


Мұңсыздар болған тірегім


Сене беремін көлденеңдерге


Аңқау ғой байғұс жүрегім


 


Мінімді тауып мазақ етсеңде


Ренжігім мүлде келмейді


Тағдырым ұнамай талақ етсемде


Тамаша өмір бермейді


 


Асқақтай берме басыңа бақыт қонсада


Қолыңда бәрі болашағың мен бүгінің


Құдайға бәрі бір қандай болса да


Өзің қалаған, өзің аңсаған өмірің


 


Алла қаласа өзің жетесің


Арманның биік шыңына


Ажалың жетсе өліп кетесің


Жақының келер жылыңа




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу