Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  120


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Досым

Қараш досым


Сезінші, не боп жатыр айналада


Сен де кеткің кеп жүр ме айдалаға


Бәрі өтірік, алдайтын бірін бірі


Күн көрісте сүйкімсіз айла ғана


 


Өтірікпе білмейсің шыны қайсы


Сөзі сұмдық алайда ісі қайшы


Мәңгі өмірді сүрмейсің ақиқаты


Бір сәтке шын көңілмен жылысайшы


 


Бір күндері


Сен кетесің бір күні менде кетем


Менде бір күн бір жанды керек етем


Өлген жанды өмір бойы сағынсамда


Тірі кезде неге мен келеке етем


 


Сағынамыз, аңсаймыз тек кеткен кезде


Ұмыт болып қаласыз мына сізде


Өте сирек еске алып айтар  сосын


«Жақсы адам ет кетті ғой өткен күзде»


 


Тапқан пайда осы ма жеңісіміз


Неге сонша тарылды кеңісіміз


Менсізбейсіз білемін шумақтарды


Тым болмаса жалғыз рет келісіңіз




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу