Өлеңдер ✍️

  24.02.2023
  729


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Өмір,Өлім,Уақыт және Махаббат

Өмір сірә ойын емес,


Ол бір тәтті бал емес,


Қаншасын құлата алған,


Өмір саған жақ емес.


Өмір шіркін дос болса ғой,


Кетіретін жаманды.


Өмір шіркін, бал болса ғой.


Сынағымен қаланды, 


Өмір сірә сезім емес,


Махаббат ол бір кітап.


Әні бөлек, сөзі басқа.


Өшпей қалған бір шырақ.


Екеуінде түсіне алмай,


Бір нотаға сыйдырмай.


Мен кетермін, мәңгілікке ән жазбай.


Махаббаттай сынақтарды.


Сыйлар уақыт көшкіні...


Уақыттан құралады.


Өмірдің әр бұрышы,


Уақыт сірә бағына алмас.


Уақыт сені көре алмас,


Биік болған тұғырымен.


Сені ойлап қайғырмас,


Жас шағыңды ала қоймай.


Енді ол бір тынбас....


Өлім сірә өмір емес.


Ол бір бөлек алып күш,


Қаша алмас талай адам.


Кезеңімен алып ұш,


Алып тынған барша адамды,


Сені мүлде аямас.


Соңында сені алмай,


Қайта артқа кете алмас...


Міне осы төрт алып күш,


Барлығымен басқарад.


Бар қызығын сыйлап беред,


Бар қызығын жоғалтат.


Достаса алмай барлығымен,


Сенің жаның тына алмас.


Бұл төртеуін сыйдыра алмай,


Менің жырым тоқтамас.


 


 


 


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу