23.02.2023
  69


Автор: 365 күн

26 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды

26 ақпанда Халықаралық асықпау күні бекітілген - ірі қала тұрғындарына осы қасиеттің жетіспейтіні рас. Бір қызығы, осы бір ерекше мейрамды тойлауды 2007 жылы қызуқанды әрі екпінді итальян халқы бастапты, қазір әлемнің 90-нан астам елі мен Париж, Лондон және Вашингтон сияқты астаналарда аталып өтеді.

Америка Құрама Штаттарының тұрғындары бүгін Ұлттық пісте күнін атап өтеді. Пістені көбінесе жаңғақ түріне жатқызады, негізінде бұл - сіркеағаштылар тұқымдас бұта жемісінің дәні. Пістенің отаны - Азия, алайда қазір Жер орта теңізі, Солтүстік-шығыс Африка, Орталық және Солтүстік (Техас, Калифорния) Америкада кең таралған. Пісте жаңғағының құнарлығы өте жоғары, 2,5 мың жылдан бері тағамға пайдаланылып келеді. Пістені қуырып та, тұздап та жейді, кондитерлік өнімдерге қосады. Пістенің дәні ой еңбегімен айналысатын адамдарға өте пайдалады, себебі ағзаны әлдендіріп сергітеді. АҚШ әлемдегі ірі пісте өндіруші елдердің ондығына кіреді.

Сонымен қатар, бүгін - Терезе жуушылардың күні. Бұл мерекені үй шаруасындағы әрбір әйел тойлай алады. Бұл күнді атап өтуді америкалық терезе жуушылар қауымдастығы ұсыныпты. Алғашқы терезе жуушылар Америкада зәулім ғимараттар салына бастағанда пайда болды. Биіктен қорықпайтын батыл жандар аспанмен таласқан ғимараттардың терезесі мен қасбетін жууы керек болатын. Мамандық біртіндеп танымал бола бастаған соң, кәсіп иелерінің саны да көбейді, сөйтіп кәсіби мереке де бекітілді. Қазір биік ғимараттардың терезесін жуатын жұмысшыларды өндірістік альпинистер деп атайды. Олар керекті сақтандырғыш бұйымдармен жарақтанған, кез келген сәтте заманауи жуғыш құралдар мен мол тәжірибесін пайдаланып, қызметті орындауға даяр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу