👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  20.02.2023
  307


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Бұл Өмірде

Ешқашан өкінбегің өткеніңе,


Тағдырыңа жазылғанын сөкпе.


Тисе тиер тиіп кетсе тірі кетпе,


Бұл өмірдің заңына өкінбеде.


Өкінбе қателікке өткеніңе.


Бәріде қолда болды өміріңде


Тәубеге келе алсаң алда күтер.


Бұл өмірдің шырайлы көктеміде.


Қорықпа көріп қалсаң қара күзбе,


Мойныңа ал барлығын жұмыс істе


Үгітілме сынбағың жылай түспе,


Ешкім саған қарамайт бұл өмірде,


Сындырады керісінше үміт күтпе


Шыңдап шығат қайрайды жылу сезбе.


Өзіңе пайдасы көп бұлай жүрген


Өмір саған ұстаз ғой үйретуде.


Айырады байлықтан бағыңнанда


Өтірік достарданда,махаббатта,


Барлығын көзіңе көрсетеді.


Шынайы өмірде сездіреді,


Сескенбе жасқанбағың бұл өмірде


Әдейі дайындайды мына күзге.


Алыстан қарай салып қызықпағың


Тез баю мүмкін емес тырыспағың.


Өтірік алдап қоят мынау бағың,


Ою қию туралы сұрамағың,


Егерде түсіп кетсең арам жолға.


Өмірдің бар мәнісін жоғалтқаның...


 


 


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы