17.02.2023
  103


Автор: 365 күн

19 ақпанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - Бүкіләлемдік киттер күні. Өткен ғасырдың ортасында теңіздегі сүтқоректілердің бақылаусыз қырып-жойылуының салдарынан олардың саны күрт азайды. Бұл мәселе экологтар мен зоологтар қатты мазалады. Өйткені осылайша табиғатқа зиян келтірудің кесірінен экологиялық жүйенің бұзылатындығы мәлім. 1982 жылы Халықаралық кит аулау жөніндегі комиссия (IWC) киттерді коммерциялық мақсатпен аулауға мораторий енгізуге дауыс берді. Ол 1986 жылдың 19 ақпанында күшіне енді. Бұл оқиғаға орай Бүкіләлемдік киттер күні мерекесі бекітілді. Мейрамның мақсаты – теңіз бен мұхит мекендеушілерін қорғап, табиғатқа қамқорлықпен қарауға қоғамның назарын аудару.

Ол тек ірі теңіз сүтқоректілері үшін ғана емес, олардың өзге түрлерін де қорғауға арналған. World Whale Day барлық құрлықтарда аталып өтеді. Оны дәстүрлі түрде тойлаудың арқасында адамдардың қаталдығы барынша азайып, табиғаттың үйлесімділік заңын бұзу салдарынан өркениеттің жойылатындығына көңіл бөліне бастады.

Бүгін Арменияда Кітап сыйлау күні. Бұл елдегі алғашқы кітап 1512 жылы Венецияда жарыққа шыққан болатын. Арменияда бұл мерекені енгізу бастамасын ел үкіметі көтерді. Мейрамның осы күнге белгіленуі бекер емес. 1869 жылы 19 ақпан күні белгілі қоғам қайраткері, ұлы армян ақыны және жазушысы Ованес Тадевосович Туманян дүниеге келген.

Сондай-ақ бүгін синоптикалық карта күні. Синоптикалық карта дегеніміз ("түгел қамтып шолу")  - көптеген метеорологиялық стансалардың зерттеу нәтижелері шартты белгілермен көрсетілген географиялық карта. Мұндай карта дәл осы сәтте ауа райының қандай екендігі жайлы ақпарат береді. 1855 жылдың 1 ақпаны синоптикалық картаның туған күні саналады. 1846 жылы Париж обсерваториясының директоры, теорияшы-астроном Урбен Леверье (1811-1877) Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары Нептунды ашуымен әлемді дүр сілкіндірген  болатын. Ол Париж ғылымдар академиясына таңғы сағат 9 бен 10 аралығындағы Еуропа ауа райының жедел картасын ұсынды. Ауа райы мәліметтеріне негізделе жасалған ғылым тарихындағы алғашқы синоптикалық карта Еуропа қалаларынан Парижге телеграфпен жіберілді.  Ол ауа райын болжаудың әлемдік қызметінің негізін салды деуге болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу