17.02.2023
  81


Автор: 365 күн

18 ақпанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Америка тұрғындары Ұлттық шарап ішу күнін атап өтіп жатыр. Шарап осыдан 6000 жыл бұрын Месопотамия, Палестина, Израиль немесе Грузия аумағында пайда болды. О баста табиғи ашытқы жүзім салынған контейнерге кездейсоқ түсіп кетіп, жүзім қанты алкогольге айналды. Жүзім өсіріп, шарап жасаумен ежелгі мысырлықтар айналысқан. Уақыт өте шараптың үлкен рөл атқарғаны соншалық, о дүниеде "ішеді" деп қайтыс болғандарды шарап құйылған бөтелкемен бірге жерлейтін болған. Гректер шарап жасау ісін бүкіл Жерорта теңізіне таратса, ал римдіктер оны үлкен бизнеске айналдырды. Жаңа дүниенің испан зерттеушілері шарап жасау ісін Америкаға әкелсе, басқа еуропалықтар Австралия, Жаңа зеландия мен Оңтүстік Африкаға таратқан.

Жыл сайын 18 ақпанда Ресейде көлік полициясы күні мерекеленеді. Бұл мейрам ресми мәртебеге ие емес. Бұл қызметтің құрылу тарихы Ресейде темір жол құрылысының басталуымен тығыз байланысты. 18 ақпанның таңдалу себебі – 1919 жылы дәл осы күні БОАК "Темір жолдарды күзету бойынша ведомствоаралық комиссия ұйымдастыру туралы" декретті бекітті. Бұл құжат көлік полициясын құру жолындағы алғашқы қадам еді.

Сондай-ақ, бүгін – сөзсіз ұғыну күні. Кейде көп сөзден гөрі үнсіз бір көзқарастың өзі көп сыр ұқтырып жатады. Сондықтан бүгін бір шоқ гүлмен, терезеге салынған суретпен, смс-хабарламадағы "смайликпен" ойыңызды сөзсіз-ақ жеткізуге болады.   




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу