16.02.2023
  123


Автор: 365 күн

17 ақпанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлемде – Кенеттен мейірімділік таныту күні. Мерекенің мақсаты – мейірімділікті насихаттау, адамдарды қайырымдылыққа тарту. Бұл бейресми мереке, бұған халықаралық қайырымдылық ұйымдары бастамашы болған. 1998 жылы Токиода мейірім үшін бүкіләлемдік қозғалыстың алғашқы конференциясы өтті. Оған қатысқан мемлекеттер – Австралия, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Сингапур, Таиланд, Жапония мерекені 17 ақпанда тойлау туралы шешім қабылдайды. Бұл идея әлемнің басқа да елдерінен де қолдау тапты. Бұл күні қайырымдылық шаралар ұйымдастырылып, адамдар барынша мейірімділік танытады. Мәселен, көшеде, ауруханада үлкендерге жол береді, көршісіне көмектеседі, қоғамдық көлікте орын береді және тағысын тағы.

Сондай-ақ, бүгін – Ресей студенттік жасақтарының кәсіби мерекесі. Ресми түрде 2016 жылы пайда болған бұл дата кездейсоқ таңдалған жоқ. 2004 жылы дәл осы күні Мәскеу қаласында Бүкілресейлік студенттік жасақтардың форумы өтті. Кейіннен "Ресейлік студенттер жасағы" деп аталған отандық жастар қозғалысы құрылды. Бұл ұйымның негізгі функциясы – уақытша сипаттағы еңбек ұжымдарын құру. Жастар тобының мақсаты – сабақтан тыс уақытта ерікті түрде еңбек қызметін жүзеге асыру.

Сонымен қатар, бүгін – Исландияда әйелдер күні. Бұл мереке 19 ғасырдан бері мерекеленеді. Бұл күні ерлер үйдің тірлігін өз мойнына алып, әйелдеріне гүл сыйлап, оларға демалыс береді. Сондай-ақ, бүгінде нәзік жандарға ерекше торт сыйлау кеңінен тараған. Торттың рецептісін әр жыл сайын ерекше комиссия таңдайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу