Эсселер ✍️

  14.02.2023
  218


Автор: Наурыз мейрамы

Наурыз құтты болсын, Әкешім!

Асқар тауым Әкешім! жылдың басы болып саналатын, қазағымның Жаңа жылы, күн менен түн теңелетін, тіршілік иелері оянып, жанданатын, ағаштарым бүршік жарып жаңаратын Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесі құтты болсын! Саулығыңыз мықты болып, отбасымыздың тірегі, соғып тұрған жүрегі болып амандықта ортамызда жүре беріңіз! Әрбір көктем қуанышымен тербеп, әрбір наурыз шаттығына бөлей берсін!

Алақанда аялаған, өсірген Асыл анам! Сізді келіп жеткен гүл көктемнің жұпары шашқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір көктем жаныңызға жылу беріп, әрбір Наурыз сізді ерекше бақытқа бөлей берсін! Отбасымызды алға бастап, балаларыңыздың қуанышын көре беріңіз! Денсаулығыңыз мықты болып, әр Наурызға гүл жайнап жете беріңіз, Анашым!

Асыл ағам, жан ағам! Ұлыстың Ұлы күні, Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлыс оң болып, ақ мол болсын!
Отбасыңыз, бала-шағаңыз аман болып, жүзіңізден күлкі кетпесін! Әрбір атар таңыңыз шапағына бөлеп, батар күніңіз қуанышымен тербей берсін! Жаратқан ием Наурыздан Наурызға аман-есен жетуді нәсіп етсін!

Жаным әпкем, асылым! Гүл көктеммен бірге келген Наурыз мейрамы құтты болсын! Жүзіңізден күлкі кетпей, жаныңыз жадырай түссін! Көңіліңіз шаттана, әрбір күннен бақ таба түсіңіз. Деніңіз сау болып, өмірдің бар қызығын көріңіз! Гүл көктемнің керемет хош иісті сәттерін сезініп, гүлдей болып жайнай түсіңіз!

Жан бауырым, жан інім! Сені қазағымның жаңа жылы болып саналатын Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз мерекесі молшылығымен бар жақсысын сыйлай түссін. Ұлыс оң болып, ақ мол болсын! Әрбір көктеммен ұштасатын әрбір Наурыз мейрамына амандықта жете бер, інім!

Жан бауырым, сіңілім! Сені келіп жеткен Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Гүлдей болып құлпырып, көмейіңе жыр тұнып ортамызда еркелеп жүре бер, жаным! Ғұмырың ұзақ болып, жаның жадырап, жайнай түс. Өміріңде мұң болмай, көңіліңде шаттық болсын! Баянды бақыт, амандық тілеймін!

Қарындасым, қарлығашым! Сені келіп жеткен Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Өмірің гүл жайнап, көңілің көтеріңкі болсын! Өз-өзіңе сенімің жоғалмай шаттана түс, жайнай түс. Әр көктемің қуанышқа толы болып, әр Наурызда гүл жайнап жүре бер қарындасым! Аллам ұзақ ғұмыр беріп, арман, тілек-мақсаттарыңа жеткізсін!

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу