Эсселер ✍️

  14.02.2023
  166


Автор: Наурыз мейрамы

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Көктем мезгілімен бір келетін, жер көктеп, тіршілік оянып, ақтың молаятын кезі, Күн мен түн теңесіп, жарықтың ұзаратын кезі осы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келіп, бар айнала жандана түседі. Ұлыстың Ұлы күні болып аталып кеткен, қазағым үшін Жылдың басы Жаңа жыл болвп табылатын, Жаңа күн болып жаңашылдыққа қадам басатын Наурыз мерекесі құтты болсын!

***

Көкпен бірге құлпырып енетін, табиғатымыз оянып, жер анамыз жылу беретін, Күн менен Түн теңеліп, айының 22-сі келетін Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, Қазақ елі! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, әрбір келер жаңа күн жақсылығымен, сәттілігімен келе берсін! Әрбір атар таңымыз нұрын сыйлап, әрбір батар күніміз жанымызды жадыратып, жайната түссін! Жаратқан иеміз Наурыздан Наурызға аман-есен жетуді нәсіп етсін!

***
Наурыз мейрамы елімізде кеңінен тойланатын салт-дәстүрімен жанданатын, тіршілік иелері ұйқысынан оянатын Күн мен Түн теңеліп, Күн ұзарып, түн қысқаратын ғажайып сәтте атылып өтілетін, қазағым үшін жылдың басы ретінде жаңа жыл болып саналатын кең көлемді, ауқымды мереке. Ендеше, Ұлыстың Ұлы күні болып саналатын Наурыз мерекесі құтты болсын, қазақ елі! Ақ мол болсын! Өміріміз жанданып, көңіліміз жайлансын! Жаратқаным жар болып жақсы күндер жалғасын таба берсін! Ұлыс оң боп, әрбір күніміз қуанышқа тола берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, қазақ елі көркейе берсін!


***

Наурыз біздің жаңа жылымыз. Әр аймақ, әрбір аудан, облыстар мен қалалар өзіндік ерекшеліктерімен тойлайтын бұл Ұлыстың Ұлы күні қазағым үшін ерекше қасиетке ие. Гүл көктеммен бірге айналамызға шуақ шашып келетін, Күн менен Түн теңеліп қуанышын беретін жыл айналып қайта келген Наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлыс оң болып, ақ мол болсын! Халқымыз аман болып, еліміз жандана берсін! Наурыздан наурызға амандықта жете берейік! Ел мерейі үстем болып, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы

.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу