Эсселер ✍️

  14.02.2023
  133


Автор: Наурыз мейрамы

Наурыз мерекесі

Гүл көктемнің бүкіл халық болып тойлайтын жарқын мерекесі Күн менен түн теңелетін Ұлыстың Ұлы күні аталып кеткен Наурыз мейрамы. Наурыз мерекесі жаны жайсаң қазағым мен елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдері арасындағы ынтымақ пен бірлікті айқындайтын, сыйластықты арттыратын мейрам болып табылады. Бұл мейрам наурыз айының 22 ші жұлдызында бүкіл халық болып атап өтіледі. Наурыз тойда ұлттық салт-дәстүрлер жанданып, арнайы стол жасалып жиналған көпшілікке тағамнан дәм татқызып, құрамына жеті түрлі қоспа қосылған наурыз көже беріледі. Түрлі жарыстар ұйымдастырылып, көкпар беріледі. Ақындар айтысып, әншілер ән айтып, бишілер би билеп елдің жанын жадыратып, көктемнің жанданған әдемі сәттерін сезіндіреді. Бұл мереке жыл өткен сайын кеңінен тойлануда. Ауыл аймақ, облыс орталықтары мен аудандарда Наурыз кеңінен аталып, сәні мен мәні жарасқан жарасымды жаңаша мазмұнмен түрленуде.
Қазақ елінің жаңа жылы болып саналатын Әз-Наурыз жаңа жылдың бастауы болып табылады. Түркі тілдес халықтардың Жаңа жылы болып саналатын бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Етегін кеңге жайған бұл мереке қазақ жерінде соңғы рет 1926 жылы аталып өтіліп, кейін діни мейрам деп тиым салынған деседі. Бар қиындыққа қарсы тұра білген қазақ елі Тәуелсіздік алатын жыл қарсаңында, яғни 1990 жылы Наурыз мейрамы ресми түрде қайтадан атала бастады. Ал 2001 жылы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі мемлекеттік мейрам ретінде қанат жайды.
Міне, Күн менен Түн теңелетін күн, Наурыздың 22 сі Ұлыстың Ұлы күні ретінде Наурыз мерекесі болып тойлананып, табиғат түрленіп, бау-бақша гүлденіп, шаруалардың бір малы екеу боп арқа-жарқа болар сәт осы Наурыз айы болатын. Наурыз елімізде мекендейтін барша өзге ұлт өкілдері мен бауырмашыл қазағыма бар жақсылығын әкеліп, қуанышты да шаттықты күндерін еселей түссін. Жаратқан иеміз жар болып, қазақ елі жанданып, бұлбұл құстар ән салсын! Ұластығ Ұлы күні құтты болып, ақ мол болсын! Тәуелсіздік тұғыры биік болып, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу