Өлеңдер ✍️

  14.02.2023
  463


Автор: Есбол Бозан

Сен

Альбинаға...


 


Сен маған бағалысың!


Сен менің арымның ажарысың!


Сені ойлап өртеніп барады ішім!


Өмірімнің мәнісің, базарысың.


 


Сені мен қызғанамын!


Сенесің бе сөзіме шын ғажабым?!


Саған қарай аударса кім назарын,


Шегемін дүниенің күллі азабын!


 


Сен менің асылымсың!


Сен үшін ажалға бас ілінсін!


Сенің атың жүректе жасырылсын,


Себебі шын сүйген ғашығымсың!


 


Сен мені сағындырып,


Сарғайттың, жүректі қабындырып.


Жоғалсаң көзімнен сағым болып,


Кеуде тұсым өртенер жалын болып.


 


Сен сенші маған,


Сезімнің азабына мен шыдағам!


Сен үшін жүрегім болсын алаң,


Сағындырып қайтадан келші маған.


 


Ақпан. 2023 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу