👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  09.02.2023
  143


Автор: Еділбек Дүйсен

Күмән

Ымырт қараңғысында бақ ішіне аттадым
аттады менімен бірге
бейтаныс қара күшік.

Көз байланарлық (жарық) қараңғы,
Құлақ тұндырарлық (айқай) үнсіздік.

Үнсіздік даусы неге тым әлсіз?
Жарық пердесі неге тым жұқа?

Ымырт қараңғысында бақ ішіне аттадым
аттады менімен бірге
бейтаныс қара күшік.

Біз бірге сезінгендей болдық
Айналамызда жасыл ағаштар бардай
Астымызда адастырмайтын жол бардай
Дәл қазіргі уақыт бірде өткен күнге,
Өткен күн- асыраушымызға айналардай.

Кенет...
Бақ ортасында күшік ұлый бастады:
қоңыраулы түйелер керуені адасып барады
имамның сылтып басқаны
аспан төсінде жұлдыздардың шыңғырып аққаны
көшелердің ауыр күрсінгені

Ымырт қараңғысында бақ ішіне аттадым
аттады менімен бірге
адасқан қара күшік.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы