Өлеңдер ✍️

  08.02.2023
  93


Автор: Аңсар Бақытжанов

Осыны оқып ұйықтарсың.

Саған деген сезімімді,


Саған деген төзімімді,


Саған деген ыстық лебіз,


Саған деген мың ізімді,


Ұйықтайын деп жатып ойларсың.


 


Саған деген шумақтарды,


Саған деген мың хаттарды,


Саған деген әсем өлең,


Саған арнап тіл қатқанды,


Ұйықтайын деп жатып тыңдарсың. 


 


Саған арнап бір өзімді, 


Саған айтқан мың сөзімді, 


Саған деген тұңғиықты, 


Саған салған қос көзімді,


Ұйықтайын деп жатып қарарсың. 


 


Осы бір жолдар кетіп жатыр, 


Осы бір сөздер жетіп жатыр, 


Ойлап қалма осы деп бары, 


Шықпаған әлі жырлар бар батыл. 


Осыны оқып ұйықтарсың! 


Аңсар Бақытжанов 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу