Эсселер ✍️

  05.02.2023
  2339


Автор: Алғыс айту күні

1 наурыз — алғыс айту күні



    1 наурыз — алғыс айту күні,  яғни қазақ жерінде мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің кең дархан қазақ жеріне деген,  татулық пен сыйластықтары үшін алғыс айтулары болып табылғанмен алғыс айту Қазақстанда мекен еткен тек өзге ұлттарға ғана емес,  жалпы елдің бүкіл азаматы мен азаматшалары арасындағы татулық пен сыйластықтың негізін қалаушы үрдіс болып қалыптасып келеді.  Шын жүрегінен алғысын айта алмаған адамның жан дүниесінде рухани әлсіздік пайда болады.  Яғни,  үлкенге құрмет,  кішіге ізет ете білудің өзі біздің қарапайымдылығы мен бауырмалдығы басым,  қонақжай қазақ халқына тән қасиет деп білемін. 
      Өзгелердің қуанышына ортақтаса білу,  яғни қуанышты бөліссең көбейеді дегендей,  айналамыздағы әрбір адамның қуаныштарына ортақ болып,  алғыстарына бөленіп жүргенге не жетсін?!  Жалпы өзгелердің титтей де болсын көмегі мен жақсылықтарына үлкен рахмет пен алғыс айту — бұл күнделікті жалғасын тауып жататын құбылыстар болса,  осы алғыс айту күнін арнайы көктемнің алғашқы күніне қоюы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруына,  сыйластықтардың артуына жол ашып,  халықтар арасындағы,  ағайын-туысқандар мен дос-жарандар арасындағы достастықтары артып,  көңілдерге сән бере түседі. 
      Алғыс айту күні араз болып жүргендер үшін де татуласудың ең қолайлы күні.  Ең бастысы ниет түзу болса болғаны.  Алғыс айту күні байқасаңыз жылдан жылға кеңінен аталып өтіп келеді.  Алғыс айту арқылы еліміздегі түрлі ұлттар мен қазақ ұлтынының арасындағы сыйластықтары мен бірліктері артып,  жанымызға жақын жандарға алғыс айтып,  жанымыз жадырауда.  Расында да алғыс айту күні біздің еліміз үшін ең керек дүние болып табылады. 
      Ойымды қорытылай келе,  айналамыздағы адамдарды қуантуға асығайық,  алғыс айтудан жалықпайық дегім келеді. 
      Бірінші наурыз — алғыс айту күніне аман-есен жеткізген,  жаныма жақын жандарға алғыс айтуыма мүмкіндік берген Жаратқан иемізге мың алғыс айтамын.  Барша қазақ елін көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтай отырып,  қазақ елімізге,  Отанымыз,  жерімізге мың алғыс айтқым келеді.  Осындай елде туғаныма,  қазақ болып туылғаныма мың алғыс!   Жаныма жақын жандарға,  ағайын-туыс бауырларға,  дос-жарандар мен танитын,  танымайтын жандардың барлығына шын жүректен рахмет айтып,  алғыс білдіремін...

        «Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Аяулым
Аяулым 28.02.2023 23:28
Керемет жазылған, маған эссе жазу керек еді көп рахмет. Қолыңыз, миыңыз дерт көрмесін.

Пікір жазу